Абай Мырзахметов университетімен жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас мамандары Жазира Сейтмағанбетова және Жиян Еркін университетпен ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шараның салтанатты бөлігінде Жазира Сейтмағанбетова Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды конкурстық және конкурстан тыс негізде иелену мүмкіндіктері туралы баяндап, университет пен Департамент арасында өзара бірлесіп атқарылған жұмыстар, оның ішінде Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жобасы туралы айтып өтті.
Салтанатты жиынға облысымыздағы жұмыс берушілер, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, студенттер қатысты.
Жәрмеңке барысында мамандар университет түлектеріне мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібін түсіндіріп, толғандырған сұрақтарға жауап берді.