Ақмола облысы әкімдігінің алаңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Кеңеске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Абай Жаналинов, облыс әкімі аппаратының басшылығы, қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық басқармалардың басшылары, жұртшылық өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Абай Жаналинов қатысушыларға бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануды болдырмау аясында мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша Антикор жүргізіп жатқан жұмысты түсіндірді.
Спикер атап өткендей, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік сатып алу саласында орасан зор жұмыс жүргізуде, бірақ жекелеген жағдайлар бойынша ойластырылмаған шешімдердің салдарынан бүкіл мемлекеттік аппараттың имиджі зардап шегеді.
Мемлекеттік сатып алуларға тапсырыс берушілерге бюджет қаражатын ұтымсыз жұмсағаны және үнемделген ақшаны бюджетке қайтарғаны үшін кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту қажеттілігі айтылды.
Сонымен қатар, кеңесте ЖАО-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалып, проблемалық мәселелер талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі аппаратының басшылығы басқармалар мен әкімдіктерге мемлекеттік қаражатты ұтымды жұмсау және жұртшылықты тарта отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сапалы талдау жүргізу жөніндегі жұмысты қамтамасыз етуді тапсырды.