Четверг, 19 сентября, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыИмпортталған ағаштардан қарағайдың қара сүгені анықталды

Импортталған ағаштардан қарағайдың қара сүгені анықталды

ҚР АШМ АӨК МИК  Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясының карантиндік инспекторы Ресей Федерациясының Қорған облысынан автомобиль көлігімен келіп түскен көлемі 35 м3 «қарағайдың кесім материалы» карантинге жатқызылған өніміне карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізу барысында «қарағайлық қара сүгені» қауіпті карантиндік объектісін анықтады.

2024 жылдың 3 шілдесінде жүргізілген сараптама қортытындысы бойынша  анықталған нысан  «қарағайлық қара сүгені» — карантиндік нысан екенін расталды.

Анықталған фитосанитариялық талаптарды бұзу нәтижесінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 1-тармағының 2-бөлігінің 400-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасалды.

Сонымен қатар, карантиндік объектінің еркін таралуын болдырмау үшін нұсқама берілді, оның ұсынымдары бойынша 2024 жылғы 24 шілдеге дейін өнім иесі Қазақстанда рұқсат етілген инсектицидтерді қолдана отырып, залалданған ағаш материалдарын химиялық өңдеу бойынша іс-шара өткізуге және залалданған карантинге жатқызылған өнімді химиялық препараттармен зарарсыздандыру бойынша орындалған жұмыстар актісін ұсынуға міндетті.

Қарағайлық қара сүгені орман ағаштарының қауіпті зиянкесі. Зиян келтіретін қоңыздар мен дернәсілдері. Қоңыздар қарағайдың жас бұтақтарының қабығын жұлып алады, ал дернәсілдер қабықты, ағашты зақымдайды.

Зиянкестердің тіршілік әрекеті нәтижесінде ағаштар әлсіреп, кебеді. Ағаш техникалық қасиеттерін жоғалтады. Дернәсілдер дайын өңделмеген ағашты зақымдайды, оның техникалық жарамдылығын төмендетеді, орман шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз...

Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады

Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады. Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып...