Вторник, 17 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметМемлекеттік қызметтегі өзекті кадрлық мәселелер талқыланды

Мемлекеттік қызметтегі өзекті кадрлық мәселелер талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері облысымыздың жергілікті атқарушы органдарының персоналды басқару қызметі өкілдеріне арналған семинар өткізді.

Семинарда Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан Братаева және мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ануар Омаров баяндама жасады.

Семинар барысында кадрлық жұмыстың өзекті мәселелері, оның ішінде келесі тақырыптар қаралып, талқыланады:

— Е-қызмет аппараттық жүйесінің жұмысын ұйымдастыру;

— мемлекеттік қызметшілердің электронды жеке істерін уақытылы әрі сапалы толтыру;

— мемлекеттік қызметшілер бойынша статистикалық есепті сапалы тапсыру;

— бос лауазымдардың конкурстық және конкурстан тыс толтырылуы;

— тәртіптік жаза қолдану барысында заңдылықты сақтау.

Спикерлер қатысушылардың толғандырған сұрақтарына жауап берді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады

Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады. Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып...

Щучинск қаласында 12 жастағы қыз бесінші қабаттың терезесінен құлады

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, терезеден құлаған қыз ауруханаға жатқызылған. «Бурабай ауданының полиция бөлімі оқиғаның ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Щучинск қаласында болғанын хабарлайды. Алдын-ала...

«IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушылары үшін адалдық сағаты өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті «Адалдық сағаты» республикалық акциясы аясында «IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушыларымен кеңес өткізді. Кездесу барысында облыстық...

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғайды

Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салуға байланысты...

Ақкөл ауданында сүт-тауарлы фермасы ашылады

Ақкөл ауданында стратегиялық маңызы бар жоба жүзеге асырылуда – құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 900 басқа арналған жаңа тауарлы сүт ферманың құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта...