А.ж. 11 шілдеде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, Департамент жанындағы «Еріктілер кеңесінің» мемлекеттік қызметші-еріктілері, Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы және «Қоғамдық даму орталығы» ММ-нің қызметкерлерімен бірлесіп Қопа көлінің маңындағы қоғамдық орындардың аумағын санитариялық тазарту және абаттандыру бойынша ауқымды жұмысқа қатысты.
Табиғатты қорғау – ортақ міндет. Осындай волонтерлік іс-шаралар қоғамның экологиялық мәдениетін дамытып, болашақ ұрпаққа таза табиғат қалдыруға мүмкіндік береді. Әрқайсымыздың үлесіміз арқылы қаламызды таза әрі жасыл ете аламыз.