Суббота, 23 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметАқмола облысында баланы мектепке қабылдаудан заңсыз бас тартылған

Ақмола облысында баланы мектепке қабылдаудан заңсыз бас тартылған

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне «       Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін көрсетуден бас тартылған азамат жүгінді.

Естеріңізге сала кетсек, бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

Шағымды қарау барысында Көкшетау қаласының № 2 мектеп-лицейі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 19-1 бұза отырып, мұндай шешім қабылдаудың себептерін көрсетпей, қызмет көрсетуден бас тартқан.

Мектеп әкімшілігі мұндай фактінің орын алуын аталған мемлекеттік қызмет көрсетілетін ақпараттық жүйеде себептерді көрсету мүмкіндігінсіз мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін ғана негіздер (нормативтік құқықтық актілерге сілтемелер) көзделгенімен түсіндіреді.

Өтінішті қарау барысында Департаменттің лауазымды тұлғалары арыз иесі мен мектеп басшылығына тиісті түсіндірмелер беріп, нәтижесінде бала мектепке қабылданды.

Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мәселесі Департаменттің тұрақты бақылауында.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...