ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша мастер-класс өтті.
Мастер-класқа жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметі өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты — персоналды басқару қызметі өкілдерінің «е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу белсенділігін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің электрондық жеке істерін толық, сапалы әрі уақытылы толтыру, мемлекеттік қызметшілер бойынша статистикалық есепті сапалы ұсыну, мемлекеттік қызметшілерді бағалау, оқыту, тағылымдамадан өткізу, сынақ мерзімін тағайындау, тәлімгер бекіту процесстерін жетілдіру, конкурстық рәсімдерді қағидаларға сәйкес өткізу және т.б. болып табылады.
Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан Братаева электронды жеке істерді жүргізу барысында орын алған кемшіліктерді мысал ретінде келтіріп, оларды түзету бойынша тисті нұсқамалар берді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жүйедегі белсенділік көрсеткіштерін таныстырды.
Шараға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсініктемелер алды.