ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары болып Аяғанова Сағыныш Серікқызы тағайындалды.
С.С. Аяғанова 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне ие.
2012 жылдан 2019 жылға дейін қаржы полициясы органдарында, экономикалық тергеу қызметінде әртүрлі лауазымдарды атқарған.
2019 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында жұмыс істейді.
Осы уақытқа дейін Агенттіктің Превенция қызметінің аналитикалық жұмысын үйлестіру басқармасының басшысы болып келді.