2024 жылғы 18 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықтың 47 эпизодын жасап, іздеуде жүрген «А» азаматын ұстады.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап күдікті Астана қ. мен Ақмол а. тұрғындарын алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен олардың 90 млн. теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.
Қазіргі уақытта аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды.
Күдікті мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы қарастырылған.
Ақмола облысының прокуратурасы.