Пятница, 22 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметМемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы заңнаманы одан әрі жетілдіруге жаңа серпіліс бермек

Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы заңнаманы одан әрі жетілдіруге жаңа серпіліс бермек

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру мәселесін Мемлекет басшысы алғаш 2019 жылғы Жолдауында көтеріп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсын­ған еді. Бұл идея «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген іргелі қағида аясында көрініс тапты.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мемлекеттік аппараттың халыққа бет бұруына ықпал жасап, елі­мізде жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына жол ашқан, мем­лекет басқару ісінде сапалы өзгеріске бастаған маңызды идея болғанын көріп отырмыз. Президент бас­тамасымен қазір мемлекеттік аппараттың жұмысы ашық, әділ, адамға бағдарланған сипатта тұрақты жаңғыртылып жатыр.

Бүгінгі таңда мемлекеттік аппараттың жұмысы белсенді түрде жаңғыртылып, үнемі жетілдіріліп, ашық, әділ және азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланғанына бәріміз куә болып отырмыз.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында қоғам мен билік құрылымдары арасындағы өзара іс-қимыл мәдениеті өзгеріп жатқанын атап өтті. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жаңа моделі қалыптасуда, онда ашықтық пен әділдік қағидаттарына бейілділік негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру мақсатында осы жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Оны іске асыру шеңберінде «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң әзірлеу жоспарлануда, ол мемлекеттік қызметтің миссиясын, міндеттері мен талаптарын жаңаша айқындайтын болады.

Бұл заң мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату сияқты еңбек қатынастарын реттеумен шектелмейді. Ол мемлекеттік қызметшілердің клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген мінез-құлық үлгісін бекітеді. Бұл мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мәдениеттің сапасы мен деңгейін арттыруға және мемлекеттік қызметшілер мен халық арасындағы қатынастарды үйлестіруге ықпал ететіні сөзсіз.

Өтініштермен жұмыс істеудің бірыңғай экожүйесін құру азаматтардың қажеттіліктері мен сұраныстарын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты мемлекеттік органдар өз жұмысының тиімділігін арттыру үшін өтініштерді талдауға көбірек көңіл бөлуі тиіс.

Бұл тәсіл жинақталған проблемаларды жүйелеуге, оларды шешуге, сондай-ақ жаңаларының пайда болуына жол бермеуге және сол арқылы белгілі бір мәселелер бойынша нақты шешімдердің уақтылы қабылдануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, мониторинг әртүрлі проблемалардың салдарымен күресте тиімді жұмысты жүзеге асыруға және олардың себептерін анықтауға бағытталған.

Тұжырымдамаға сәйкес мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы үш негізгі бағытты қамтиды: сервистік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет моделін қалыптастыру, мемлекеттік қызметті кәсібилендіру, НR-процестерді жетілдіру және басқару. Сондай-ақ цифрлық шешімдер үшін мемлекеттік қызметті дамытуда «Е-қызмет» ИАЖ әлеуеті пайдаланылатын болады.

Осы үш бағыт өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын және мемлекет алдында тұрған міндеттерді тиімді шеше алатын заманауи, тиімді және ашық мемлекеттік қызметті құру үшін негіз қалыптастырады.

Қазіргі әлемде адамның ақыл-ойы мен таланттарды іздеу үшін күрес белсенді дамып келеді, бұл мемлекеттік және жеке секторлар үшін басымдыққа айналды.

Бәсекелестіктің қалыптасқан шарттары мемлекетті 2023 жылы аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардың төменгі лауазымдарына жоғары оқу орындарының үздік түлектерінің түсуі рәсімін жеңілдетуге итермеледі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік лауазымдарға сәтті бітірген адамдарды конкурстан тыс тағайындау көзделген.

Президенттік жастар кадр резервін құру таланттарды басқарудағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Ағымдағы жылы өңірлік кадрлық резервтер қалыптастырылды.

Анықтама үшін айтар болсақ, бүгінгі таңда облыста ЖОО-ның 21 түлегі, Академияның 4 түлегі, Президенттік жастар кадр резервінің 1 мүшесі, өңірлік кадр резервінің 1 мүшесі конкурстан тыс әртүрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалды.

Мемлекеттік қызметті дамыту мынадай қағидаттарға негізделетін болады:

— ашықтық пен айқындық: барлық жалдау және ілгерілету процедуралары қоғам үшін мүмкіндігінше ашық және түсінікті;

— меритократия: мемлекеттік қызметке іріктеу және жоғарылату еңбегіне, құзыретіне және кәсіби дағдыларына негізделген;

— икемділік: мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа икемді тәсілдерді, инновациялар мен технологияларды енгізу;

— үздіксіз оқыту: мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен жұмыс тиімділігін арттыру үшін оларды кәсіби дамыту;

— клиентке бағдарлану: озық жұмыс, түпкілікті нәтижеге бағдарлану және қолжетімділікті қамтамасыз ету;

— прагматизм: практикалық нәтижелілік пен тиімділікке қол жеткізу үшін әртүрлі құралдарды қолданудың басымдығы;

— жауапкершілік және есептілік: азаматтар мен мемлекет алдында қабылданған шешімдер мен іс-әрекеттер үшін мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту. Жұмыста жоғары этикалық стандарттарды сақтау, сыбайлас жемқорлыққа тиімді қарсы іс-қимыл жүргізу.

Жалпы, жоғарыда айтып өтілгендей, Тұжырымдамаға сәйкес мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң әзірленетін болады. Онда мемлекеттік қызметке түсу және өткеру бойынша бірқатар өзгертулер енгізілмекші.

Бұл уақыт талабы, басқарудың жедел және тиімдішешімдеріне қажеттілік мемлекеттік қызметке жүктелетін талаптардың артуына әкеледі.

Мемлекет басшысы халықтың ойынға тәуелділігін төмендетуге бағытталған шектеу және ынталандыру нормаларын енгізетін заңға қол қойды. Сонымен, құмар ойындарға/ставкаларға қатысуға тыйым салынған адамдардың тізімі кеңейтілді.

Атап айтқанда, құмар ойындарға қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізу арқылы жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың ставкаларға қатысуы шектелген. Енді мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары да құмар ойындарға/ставкаларға қатыса алмайды. Шектеуді сақтамағаны үшін оларды жұмыстан шығару көзделген.

Мұндай өзгерістердің қажеттілігі зор, өйткені жылдан жылға құмар ойындарға қатысатын адамдардың саны артып келеді және біз оның адамға, оның отбасына және жекелеген жағдайларда мемлекетке қандай зардаптар әкелетінін жақсы түсінеміз.

Мемлекеттік қызметшіге атқаратын лауазымына байланысты мемлекеттік органдарда әкімшілік-шаруашылық және ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктер мен міндеттер шеңбері берілгені құпия емес. Бұл ұйымның балансындағы мүлікті, оның ішінде банктік шоттардағы ақшаны басқару және билік ету үшін заңда белгіленген тәртіппен берілген құқықты білдіреді.

Ал мемлекеттік қызметшінің ойынға тәуелділігі оның өз қызметтік жағдайын пайдалануына байланысты заңсыз алаяқтық және өзге де әрекеттерді жасауға ықпал етуі мүмкін.

Тыйым салынған адамдардың санатына жататын тұлғалардың осындай ставкаларда мемлекет қаражатын жоғалтқан мысалдары бар. Сондықтан мұндай тыйым өте қажет деп есептеймін.

Жалпы осы бағытта қабылданып жатқан барлық заңнамалық өзгерістер мен басқа да шаралар көрсетілген проблемалық мәселелердің түбегейлі шешілуіне және көзделген оң мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететініне сенімдіміз.

Думан Әбілев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша  департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...