Пятница, 22 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметҚала, ауыл әкімдерімен, облыстық басқарма және аудандық бөлім басшыларымен кездесу

Қала, ауыл әкімдерімен, облыстық басқарма және аудандық бөлім басшыларымен кездесу

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының тыңдаушыларымен, атап айтқанда облысымыздың қала, ауыл әкімдерімен, облыстық басқарма және аудандық бөлім басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Думан Әбілев мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамыту жөніндегі 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы және оны іске асыру үшін жоспарланған бастамалар туралы баяндады. Атап айтқанда, бұл тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың миссиясы, міндеттері және мемлекеттік қызметке қатысты талаптар жаңаша айқындалмақ.

Сонымен қатар іс-шарада мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына қатысты енгізілген заңнамалық шектеулер мәселесі талқыланды.

Кездесу соңында қатысушылар толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсініктемелер алды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...