Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті өңірдің ішкі саясат және білім басқармаларымен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаттары жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама туралы білімін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстанымға ынталандыру және адамгершілік-патриоттық құндылықтарды ілгерілету болды.
Слетке Ақмола облысы, Атбасар, Ақкөл, Бурабай, Сандықтау, Астрахан аудандары мен Көкшетау қаласы колледждерінің 2-3 курс студенттері қатысты.
Слет сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 7 раундтан тұратын «Жеті қазына» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын форматында өткізілді.
Ойын қорытындысы бойынша слет қатысушылары дипломдармен және алғыс хаттармен салтанатты түрде марапатталып, көшбасшылар үштігіне ақшалай сертификаттар табысталды.
Турнир жеңімпазы Щучинск қаласының Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің командасы болса, екінші орынды Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжінің студенттері, үшінші орынды Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің студенттері иеленді.