Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға көмек көрсету, тұрғын үйлердің іргелес аумақтарын қардан тазарту бойынша жұмыстарды жүргізді.
Көшелерді қардан тазарту бойынша қайырымдылық шараларын жалғастыра отырып, еріктілер күшімен 30-дан астам жалғызбасты, қарт және басқа да мұқтаж адамдарға аула мен оған іргелес аумақты қардан тазартуға көмек көрсетілді.
Өткізіліп жатқан акция барлық мемлекеттік органдар үшін үлгі болуы тиіс.