Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды.
«Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын байқау.
Үздік атанған аудандық филиалдар халықтың өтініштерін қарау жылдамдығы, тұрғындармен кері байланыс, мәселелерді оң шешу және азаматтарға құқықтық көмек көрсетудегі белсенділігімен ерекшеленді.
Ақмола облысында «AMANAT» партиясының 20 аумақтық филиалдары бар. Оның ішінде 1 облыстық, 2 қалалық және 17 аудандық қабылдау бөлмелері күн сайын халықты түрлі мәселелерімен қабылдауда.
Сараптамаға сәйкес, өткен жылы Ақмола облысында 10 284 адам «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне өтініш қалдырған. Олардың 62% оң шешімін тапты. Ал қалған 3780 өтінішке заң аясында кеңес беріліп, 176 өтініштің әлі де қарау мерзімі бар. Негізінен тұрғындар бірінші кезекте тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелерімен келуде. 1572 адам әлеуметтік көмек алу үшін, 1341 адам құжаттандыру және тіркеу мәселесімен, 1160 адам жұмысқа орналасу 1044 адам тұрғын үйге мұқтаждық мәселесімен келген екен.
Облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, департамент, басқарма басшылары, халыққа қызмет көрсетуші ұйымдардың жетекшілері, мәслихат депутаттары тұрақты түрде тоқсанына кемі бір мәрте азаматтарды жеке мәселелері бойынша 2833 қабылдау жүргізген. Ашық қоғам құруда тұрғындар көтерген сауалдарға жауаптар беріліп, мемлекеттік шешімдер қабылдау құзыретіне ие атқарушы органдар халықты толғандырған өзекті мәселелердің оңтайлы шешімдер табуына үлестерін қосуда.
Облыс, аудан орталықтарынан шалғайда жатқан елді мекендер халқының сұраныстарын да аманаттықтар айрықша назарында ұстап отыр. Осы орайда, шалғайда орналасқан елді мекендерде мобильді көшпелі қоғамдық қабылдаулар жиындары өткізіліп, жергілікті тұрғындардың өздері көтеріп жатқан мәселелері бойынша облыс орталығы на ағылмай, ауылға келген жауапты тұлғаларға базыналарын жеткізуге мүмкіндіктер жасалды.
Тұрғындар тұрғын үй, жер мәселелері, сот даулары және әлеуметтік көмек бойынша жиі өтініш білдірген. Бұл мәселелердің шешілуіне партияның «Құқықтық көмек» партиялық жобасы да үлкен үлес қосты.
Халықтың мұң мұқтажын тыңдау және шешу партияның қоғамдық қабылдаулары арқылы үздіксіз жүріп жатыр.
Байқаудың облыстық кезеңінде жеңімпаз деп танылып, республикалық байқауға жолдама алған Аршалы ауданындағы әріптестерімізге құттықтауымызды жеткізе отырып, жүлделі орын алуына тілектестігімізді білдіреміз!
«AMANAT» партиясының
Ақмола облыстық филиалы.