Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар-кеңес ұйымдастырып, онда жұмыс уақыты режимін сақтау мониторингінің, сондай-ақ қашықтықтан, аралас қашықтықтан жұмыс пен икемді жұмыс уақыты режимін қолданудың қорытындылары талқыланды.
Қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесінің (бұдан әрі — ҚББЖ) мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылында жалпы ұзақтығы 666 сағат 54 минут болатын 282 мемлекеттік қызметшіні үстеме жұмысқа тарту фактілері анықталды.
Департаменттің хаттары негізінде барлық қызметшілердің құқықтары қалпына келтіріліп, мемлекеттік органдарда демалыс беру туралы актілер шығарылды.
Мемлекеттік органдардан келіп түскен мәліметтерге сәйкес 45 қызметші үшін икемді кесте белгіленген, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда – 10 және орталық мемлекеттік органдарда – 35, 1 қызметші үшін қашықтықтан жұмыс белгіленген.
Демалыс және мереке күндері жұмыспен 596 мемлекеттік қызметші қамтылды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда 282 қызметші және орталық мемлекеттік органдарда 314 қызметші. Бұл ретте 310 қызметшіге өтемақы төленіп, 286-ға демалыс берілді.
Сонымен қатар, 2024 жылында жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторингімен 169 мемлекеттік орган қамтылып және мониторинг барысында 69 бұзушылық анықталды, 16 акт жасалып және барлық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын бұзуға жол бермеу мақсатында семинарға қатысушыларға заңнама талаптарын сақтау туралы айтылды.