ЕЦ-166/24 мекемесі қызметкерлерінің балалары арасында онлайн форматта ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қысқаша сұхбат бейнежазба түсірілді.
1 желтоқсан – тұңғыш президент сайлауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың барша қазақстандықтардың зор сеніміне ие болған күні. Тұтас ел мен халықтың сеніміне ие болу арқылы Елбасы өзіне жүктелген бар жауапкершілікті айқын сезіне отырып, өз елі мен халқының тағдырын анықтауда өзінің перзенттік те, президенттік те борышын адал атқара білді.
ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, еліміздің егемен ел ретінде қалыптасуындағы Елбасының рөлін көрсетіп, отансүйгіштікке және патриотизмге тәрбиелу.
Шара барасында Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/24 мекемесі қызметкерлерінің балалары арасында онлайн форматта Елбасы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қысқаша сұхбат бейнежазба түсірілді. Онда әр бүлдіршін ҚР Тұңғыш Президент жайлы өз пікірі мен көз қарасын білдіріп, барша Қазақстандықтарды осынау айтуылы мерекемен құттықтады.
Ақмола облысы бойынша қылмыстық—атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.