Егіндікөл аудандық мәслихатының «Nur Otan» партиясынан депутаттыққа кандидат, агротехникалық колледжінің директоры Лариса Шевцова ауыл тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізіп, жастарға ерекше көңіл бөлді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы айтылып, ауданның даму перспективалары талқыланды.
«Жастар-еліміздің болашағы. Ауданда 1240 жастар тұрады немесе аудан халқының жалпы санының 20 пайызы. «Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарды жан-жақты қолдауды күшейтеді. 2025 жылға қарай біздің міндетіміз мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерге тарту және бекіту, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін — өзі танытуы, оның әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау», — деп атап өтті депутаттыққа кандидат.
Ол үшін біз: жыл сайын кемінде 20 жасты жұмысқа орналастыруға; «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша кемінде 20 адамды жыл сайын оқытуға; жыл сайын бір волонтерлік жобаны іске асыру арқылы волонтерлік қызмет желісін кеңейтуге; кемінде 50 адамды қамти отырып , қызықтыратын мәселелер бойынша жастарға кеңестер ұйымдастыруға жәрдемдесетін боламыз, бұл: тұрғын үй беру, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікті дамыту бойынша кеңестер беру, заңгерлік, психологиялық көмек көрсету.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3% — дан 2,5% — ға дейін төмендейді.
«Біз Сіздерді аудандық мәслихаттағы сайлауда» Nur Otan «партиясын қолдауға шақырамыз», — деді кездесуге қатысушыларға Л.Шевцова.
Партия бағдарламасы Егіндікөл ауданын кешенді дамытуға бағытталған, партия Егіндікөл ауданын әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикамен серпінді дамитын нақты шараларды ұсынады және адамдардың жайлы өмір сүруіне арналған аумақ.
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.