Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЕгіндікөл"Nur Otan" партиясы-еліміздің жетекші саяси күші

«Nur Otan» партиясы-еліміздің жетекші саяси күші

Егіндікөл аудандық мәслихатының «Nur Otan» партиясынан депутаттыққа кандидат, агротехникалық колледжінің директоры Лариса Шевцова ауыл тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізіп, жастарға ерекше көңіл бөлді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы айтылып, ауданның даму перспективалары талқыланды.

«Жастар-еліміздің болашағы. Ауданда 1240 жастар тұрады немесе аудан халқының жалпы санының 20 пайызы. «Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарды жан-жақты қолдауды күшейтеді. 2025 жылға қарай біздің міндетіміз мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерге тарту және бекіту, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін – өзі танытуы, оның әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау», – деп атап өтті депутаттыққа кандидат.

Ол үшін біз: жыл сайын кемінде 20 жасты жұмысқа орналастыруға; «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша кемінде 20 адамды жыл сайын оқытуға; жыл сайын бір волонтерлік жобаны іске асыру арқылы волонтерлік қызмет желісін кеңейтуге; кемінде 50 адамды қамти отырып , қызықтыратын мәселелер бойынша жастарға кеңестер ұйымдастыруға жәрдемдесетін боламыз, бұл: тұрғын үй беру, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікті дамыту бойынша кеңестер беру, заңгерлік, психологиялық көмек көрсету.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3% – дан 2,5% – ға дейін төмендейді.

«Біз Сіздерді аудандық мәслихаттағы сайлауда» Nur Otan «партиясын қолдауға шақырамыз», – деді кездесуге қатысушыларға Л.Шевцова.

Партия бағдарламасы Егіндікөл ауданын кешенді дамытуға бағытталған, партия Егіндікөл ауданын әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикамен серпінді дамитын нақты шараларды ұсынады және адамдардың жайлы өмір сүруіне арналған аумақ.

 «Nur Otan» партиясының  Ақмола облысы  Егіндікөл ауданының  Сайлау қорының  қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...