Көкшетау қалалық мәслихатына депутаттыққа кандидаттар «Nur Otan» партиясы облыстық филиалында Zoom платформасы арқылы сайлаушылармен жүздесті. Облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері Нұрлан Жаров, қалалық емхананың меңгерушісі Ғалия Сабатаеваның ұстанған бағыттары халық денсаулығын жақсарту.
Өйткені бұл саланы жетік меңгерген мамандардың түйгені көп. Облыстық аурухана біздің өңірдің халқына қалтқысыз көмек беріп келе жатқан медициналық мекеме. Соңғы жылдары ол заманауи жабдықтармен толығып, қызмет сапасы да арта түскен. Бұрынғыдай шетелге шықпай ақ, жүрек оталары осы жерде жасалады. Мамандардың біліктілігін арттыру бағытында жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Дегенмен кадр тапшылығы бар.
Оны жасыра алмайсың. Сондықтан басты назарды жергілікті кадрларға аудару қажет. Олардың осы жерде тұрақтап қалуына мүдделіміз. Дәрігерлер мен орта буын мамандарына неғұрлым жағдай жасалса, соғұрлым кадр тапшылығы шешіледі. Ал, бұл мамандар осы Көкшетау қаласында тұрып, жұмыс істейді. Демек, қаланың тұрғылықты тұрғындарына айналады.
Сондықтан облыс орталығын көркейту арқылы, оны жайлы да қауіпсіз қалаға айналдыру арқылы көп мәселе шешіледі. Қалалық емхананың меңгерушісі Ғалия Сабатаева да осы пікірмен келіседі. Ана мен бала денсаулығы бүгінгі күні өзекті. Дені сау анадан дені сау бала туады. Ал, олар осы елдің ертеңгі болашағы. Сайып келгенде, бірімен бірі өзектесе жалғасып жатқан мәселелерді кандидаттар өзінің сайлауалды бағдарламасына енгізіп, күні ертеңдері заң жүзінде қабылдануына ықпал етпек.
Ал, облыстық кәсіпкерлер ассоциациясының төрағасы Мәриям Әбішева елімізге келген індет кезінде көптеген қиындықтарға тап болған шағын және орта бизнес өкілдері екенін алға тартты. Соған қарамастан олар жергілікті халыққа қол ұшын созып, жалғызбасты қарияларға, әлеуметтік аз қамтылған отбастарына қажетті дәрі-дәрмегін, азық-түлігін жеткізіп беруге үлесін қосты.
Осының бәрі көкшетаулықтардың бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара алатынының дәлелі. Көкшетау бәріміздің сүйікті қаламыз. Сондықтан оны әрі қарай дамыта түсу баршамыздың қолымызда. «Nur Otan» партиясы қалалық аумақтық филиалы төрағасының орынбасары Зәуреш Нұрымова алдағы сайлауда дұрыс таңдау арқылы, Көкшетауды көркейтудің жеті бағыты қолға алынатынын және қаламыз одан әрі дами беретінін айтты. Бұл жолда халықтың партиясына сенім артуға болады деді спикерлер.
Байланысқа шыққан көкшетаулықтар өздерінің өзекті мәселелерін ортаға салып, нақты жауаптар алды.
«Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық сайлау қорынан төленді.