Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Алматы қаласында 2003-2004 жылдары туған жастар арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті.
Жарысқа Ақмола облысы атынан Жақсы, Атбасар аудандары мен Көкшетау қаласынан 9 былғары қолғап шебері қатысып, бақ сынады. Оның ішінде 56 келі салмақта шаршы алаңға шыққан жерлесіміз Рахымжан Әли қола жүлделі үшінгі орыннан көрінді.
Ақмолалық жас боксшылар тәлімгерлері Бақыт Шыныбеков, Андрей Спиридонов және Самат Мағзұмовтың жетекшілігімен жаттығады.