Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мүмкіндіктері шектеулі
тұлғалар үшін қолайлы әрі қолжетімді болуына көз жеткізу мақсатында ҚР
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша
департаментінің қызметкерлері «ШАНС» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
В.Л. Шиманскиймен бірлесіп, қоғамдық мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында жұмыс тобы Көкшетау қаласының
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөліміне, сондай-ақ Ақмола
облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Көкшетау қаласы
бойынша №1 Халыққа қызмет көрсету бөліміне барды.
Бұл жерде арбамен жүретін мүгедектер, тірек-қимыл аппараты бұзылған
адамдар және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін қолайлы
жағдайлар жасауға ерекше назар аударылған. Ғимараттарда пандустар,
шақыру бастырмалары, арнайы тұрақ және жеңілдікті терезелер
қарастырылған. Жуынатын бөлме арнайы жабдықтармен жабдықталған.
Стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету туралы өзекті ақпарат
орналастырылған және үнемі жаңартылып отырады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мемлекеттік қызмет көрсету
кезінде карантин шараларын сақтайтынын атап өту қажет. Мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманы бұзушылықтар анықталған
жоқ.
Шағымдар болған жағдайда азаматтар «Цифрлық Агент» мобильді
қосымшасы арқылы пікір қалдыра алады, не болмаса Департаментке өтініш
жібере алады Egov.kz.
ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз қызметі.