Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде заңды және жеке тұлғалардың коронавирустық инфекцияның таралу қаупі туындауының алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық, шектеу іс – шараларын сақтауына мониторинг жүргізу мақсатында 181 мобильді мониторингтік топ жұмыс істеді.
Биылғы жылғы қаңтардың 30-31 күндері аралығында мобильді мониторингтік топ 68 рейдтік тексеру жүргізді. Мониторингпен қамтылған 360 нысанның 29-да (азық-түлік дүкендері-7, азық-түлік емес дүкендер-3, қоғамдық тамақтану объектілері-12, моншалар/ сауналар-4, коттеджде жаппай іс-шара-1, маникюр салоны-1, бос уақыт үйі-1)карантиндік талаптардың бұзылғандығы анықталды.
Нақтырақ алсақ, Бурабай ауданы: ЖК «Жүсіпова Г.Е.» тиесілі «Архид» ТК жанындағы дәмхана-пиццерия, ЖК «Чернобук В.А.» тиесілі сауна- қызметкерлердің маска режимін бұзуы;
Ақкөл ауданы: ЖК «Крачмер» тиесілі «Гермес» дүкені-сатушы келушілерге қорғаныс маскасынсыз қызмет көрсетті;
Аршалы ауданы: ЖК «Марченко Л. М.» тиесілі «У Михайловны» кафесі-кафе қызметкерінің маска режимін сақтамауы;
«Клименко Е.А.» тиесілі «Клип» дүкені ЖК — сатушының маска режимін сақтамауы;
ЖК «Азимбаева Л.Г.» тиесілі «Жаңа тілек» дүкені-сатушының маска режимін сақтамауфы;
Атбасар ауданы: ЖК «Бейсимбекова» тиесілі «Экспресс» дәмханасы-жұмыс режимін бұзу, сағат 20:00-ден кейін жұмыс істеді;
«Ерлан» ЖШС саунасы-жұмыс режимін бұзу, сағат 22:00-ден кейін жұмыс істеді;
Ерейментау ауданы: ЖК «Аманжолов» тиеслі «Едіге» дәмханасы-қызметкерлердің маска режимін бұзуы, келушілердің әлеуметтік қашықтықты сақтамауы;
Есіл ауданы: Тен С.М. тиесілі «Вавилон» дүкені — маска режимін сақтамауы;
ЖК «Сулейменова С.З.» тиесілі «Смешные цены» дүкені-маска режимін сақтамауы;
ЖК «Керимова С.З.» тиесілі «Эко Маркет» азық-түлік дүкені- маска режимін сақтамауы;
Целиноград ауданы: ЖК «Айзере» тиесілі «Айзере» дәмханасы-карантин режимін бұзуы, сағат 20:00-ден кейін жұмыс істеді;
ЖК «Омарбекова» тиесілі «Пиала» дәмханасы-қызметкерлерінің маска режимін бұзуы, жұмыс режимін бұзуы, сағат 20:00-ден кейін жұмыс істеді;
ЖК «Қаратаева» тиесілі «Шынырақ» дәмханасы- қызметкерінің маска режимін бұзуы;
ЖК «Джумахметов Г.Н.» тиесілі «33 қоғам» дәмханасы- қызметкерінің маска режимін бұзуы, жұмыс режимін бұзуы 20:00-ден кейін жұмыс істеді;
«Arena S» ЖШС тиесілі «Sulpak» дүкені -жұмыс режимін бұзуы, мекеме жексенбі күні ашылды;
Көкшетау қаласында: ЖК «Исаев К.Т.» тиесілі «Пицца УНО» дәмханасы — аспаз жұмыс орнында қорғаныс маскасыз болды;
ЖК «Панахов З.Ш.» тиесілі «Абшерон Хокан» лаундж бары – кальян бары жұмысы жүзеге асырылды;
ЖК «Магламян» тиесілі «Ани» мейрамханасы -жұмыс режимін бұзу, 20:00-ден кейін жұмыс істеді.;
ЖК «Жүсіпова А.Т.» тиеслі «Арман» моншасы-адам саны сақталмады;
ЖК «Бейсенова-Досымова» тиесілі «Broadway street» лаундж аймағы 20:00-ден кейін жұмыс істеді;
«Абсолют-2016» ЖШС тиесілі «Золотая антилопа» демалу үйі — демалыс күні сауна жұмыс істеді;
Бұланды ауданы: Варданян В. Н. Басқаратын «Ацерат» ЖШС ашық базары- жұмыс режимін бұзу, жексенбі күні жұмыс істеді;
Жарқайың ауданы: ЖК «Мурзабекова Д.А.» маникюр кабинеті — демалыс күндері жұмыс режимін бұзды;
Зеренді ауданы: ЖК «Светличная Е.С.» тиесілі «Виктория» дүкені, — келушілер маска режимін сақталмады;
ЖК «Шапатова С.Е.» тиесілі «Камила» дүкені-сатушылар мен келушілердің маска режимін сақтамауы;
ЖК «Шапатов Б.Ш.» тиесілі «Шағалалы» дүкені-сатушылар мен келушілердің маска режимін сақтамауы;
Жеке тұлға коттедждерде отбасылық іс-шара өткізілген.
Еске сала кетейік, ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 230 айлық есептік көрсеткіш (670910 тг.), жеке тұлғалар 30 айлық есептік көрсеткіш (87510 тг.), ірі кәсіпкерлік үшін 1600 айлық есептік көрсеткіш.