Пятница, 22 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіГаухар Баймендина: Бала тәрбиесі – баршаның ісі

Гаухар Баймендина: Бала тәрбиесі – баршаның ісі

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді.

Балалар санының көптігіне қарамастан балабақшада балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.  Сондай- ақ оқу-әдістемелік және тәрбиелік мәні бар шараларды өткізуге балабақшада барлық жағдайлар жасалынып келеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу-көрнекілік құралдары да жеткілікті.

Балабақшада балалардың денсаулығына, жан-жақты дамуына нақты көңіл бөлінеді. Балалардың сөйлеу, есте сақтау, ақыл-ой қабілеттерін, дене бітімінің дұрыс дамуына бағытталған оқу-тәрбие шаралары бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүйелі түрде өткізіліп отырады. Әр топта оқу іс-әрекеттері мемлекеттік стандартқаға  сәйкес, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жоспарлы және күнделікті өткізіледі.

Біздің  «Бота»  шағын орталығымызда 10 педагог және штатқа сай қызметкерлер  қызмет етеді, 2  тобымыз бар , ортаңғы және ересек. Жоспарға сәйкес бала саны 50, бірақ қазырғы таңда елімізде болып жатқан індетке байланысты, санитарлық ережелерді сақтап  кезекші топтар құрылып  15 баладан артық қабылданып жатқан жоқ. Баланың жасына сай сабақтар, сонымен қатар  орыс тілі пәні оқытылады. Ән-күй, дене тәрбиесімен айналысатын арнайы залымыз бар. Бүлдіршіндерді би өнеріне баулимыз.

Ұжымда тәжірибелі педагогтар бүлдіршіндердің танымын кеңейтіп, бірлікке, ынтымаққа, достыққа шақырып, білімдерін ән-бимен, өлеңмен, бейнелеу өнерімен ұштастыруда. Олардың туған жерін сүюге, өз елінің патриоты болып өсуіне барынша жағдай жасалған.

Шағын орталығымыз, қала көлемінде онлайн  ұйымдастырылып отыратын байқаулардан қалыс қалған емес.  Жүлделі орындарға, белсенді қатысқандарымызға  алғыс хат, мадақтау грамоталарымен марапатталып келеді.  Елдің ертеңгі тірегі –балдырған-дырымыз. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда тәрбиешілер қауымына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу, ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.

Балабақша балалық пен жастықтың ордасы. Балабақша бізге өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге, баламен бірге балаша ойнауға, ойлауға, еркелеуге, қиял әлеміне шарықтауға, ертегілер еліне саяхат жасауға мүмкіндік береді. Біздің мамандығымыз — бұл біздің өмір жолымыз. Балабақша бізге балада бар ең нәзік – бала жан дүниесін сезінуге, аялауға, бағалауға үйретеді. Балабақша баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында ерекше орын алатын сатысы. Балабақшаның әр кірпіші, әр бұрышы ешқашан ескірмейтін мейірім мен сүйіспеншіліктен тұрады. Балалардың күлкісі мен мейірімі арқасында біздің «Бота» шағын орталығымыз  жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп, жасара түсуде.

Сонымен қатар, меңгерушінің қызметін атқарып жатқан  Кулболдина Гүлсара Серікбайқызының да орталығымыз үшін қосып жатқан үлесі аз емес. Ойын орталықтарына жаңа жиhаздар, бүлдіршіндерімізге қызықты етіп  мультфильм кейіпкерлері  кездесетін перделер т.б. дүниелер  жанартылды. Ұжымымыз да ол кісіні сыйлап, жұмысына тәнтіміз.

Балабақшаның жүрегі — музыка залы. Ол балалардың күлкісінен қуат алады. Педагогтардың балаға қуаныш силауға, талмай еңбек етуге деген тілегі мен талпынысы балабақшаны мейірімділік пен сүйіспеншілік аймағына айналдырды. Педагогтардың кәсіптік деңгейі — балабақшаның қаңқасы. Кәсіптік қызметімізде бізге көмектесетін бақшадағы әр тәрбиешінің шығармашылық белсенділігі, жаңалыққа құмарлығы. Жаңашылдық пен ізденімпаздық-міне біздің мекеменің басты ұстанымы осылар! Бұл тұрғыда жүйелілік пен ізденушілік үлкен орынды алады.

Педагогикалық шеберлік педагогтың әдіс-тәсілдерді меңгерудегі білік-дағдыларына тікелей байланысты. Педагогикалық шеберлік — өскелең ұрпақты тәрбиелеу өнері.Біздер балаға қиындығы мен қарама — қайшылығы мол өмірді, қоршаған ортадағы құбылыстарды түсінуге көмектесуіміз қажет. Тек педагог ғана бала жанының қаншалықты сезімтал, ұғымтал екендігін бағалай біледі. Біздің балаға береріміз — махаббат, сүйіспеншілік, мейірім, қамқорлық.

Бойымыздағы бар білімімізді, асыл қасиеттерімізді періште бөбектерге арнай білсек, олардың жүрегіне жол тауып, өзіндік «мені» бар дәрежеге жеткізсек, Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесек – міне, біздің балабақшамыздың нағыз мейірім алаңына айналғаны. Сондықтан да күн сайын «Бота» шағын орталығы   өзінің кішкентай ұл, қыздарына есігін мейіріммен  айқара ашады.

Гаухар Қайырғожақызы Баймендина,

«Бота» шағын орталығының  тәрбиешісі.

Станционный кенті,

Көкшетау қаласы.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...