Воскресенье, 24 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғам«Саналы ұрпақ»: ақмола облысының жеке меншік жоғары оқу орындары парасаттылықты қолдайды

«Саналы ұрпақ»: ақмола облысының жеке меншік жоғары оқу орындары парасаттылықты қолдайды

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Antikor ortalyǵy» алаңында «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі, қоғам қайраткері Қайыржан Токушев, Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин, «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Самира Тайтенова, өңірдің жеке меншік жоғары оқу орындары мен колледждері басшылығының, сондай-ақ «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының мүшелерінің қатысуымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мәселелері бойынша онлайн-кеңес өтті.

Кездесу барысында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, Көкшетау қаласының Гуманитарлық-техникалық академиясының, Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледждің, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің өкілдері «Саналы ұрпақ» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Қайыржан Тоқышев өз сөзінде мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» жобаларының кешенді жұмыс жоспарларын орындау бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру жүйесінің мекемелерімен бірлесіп, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік және этикалық құндылықтарға тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәселелеріне адамдардың кең ауқымын тарта отырып, бұл жұмысты тұрақты негізде жалғастыру қажет», — деді ол.

Арман Бердалин атап өткендей, парасаттылық, адалдық және сатылмаушылық әрбір адамның өміріндегі басты құндылықтар болуы тиіс. Сондықтан студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті дарыту мәселесіне көп көңіл бөлу қажет.

Кеңес барысында қатысушылар пікір және ұсыныстар алмасты, сондай-ақ академиялық адалдықты қамтамасыз етуге және білім беру ортасында парасаттылық идеологиясын ілгерілетуге дайын екендіктерін білдірді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...