Сенбі, Мамыр 4, 2024
10.2 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЗерендіЗеренді ауданында «Наурыз көже - ұлыс дәмі» ұлттық тағамдар байқауы өтті

Зеренді ауданында «Наурыз көже – ұлыс дәмі» ұлттық тағамдар байқауы өтті

Наурыз мейрамы қарсаңында Зеренді ауданындағы «Aurora Garden» отбасылық демалыс орталығында қоғамдық тамақтану кәсіпкерлері арасында «Наурыз көже – ұлыс дәмі» ұлттық тағамдар байқауы ұйымдастырылып, үздіктері марапатталды.

Байқауда жергілікті туристік нысандар өздері жасаған ұлттық тағамдарын ұсынды. Байқауға қатысушылар түрлі ұлттық тағамдардың дәмін татып көрді.

Байқау қорытындысы бойынша алғашқы үш орынды «Керемет» дәмханасы («К.С.Ескендіров» жеке кәсіпкерлігі) мен «Aurora Garden» отбасылық демалыс орталығы (Шораева Замира Өмірбекқызы) және «Садықов» жеке кәсіпкерлігі өзара бөлісті.

Ал қалған қатысушылар – «Секенов» жеке кәсіпкерлігі, «Тамаша» дәмханасы («Мұханжаров» жеке кәсіпкерлігі) және «Синильга» мейрамханасы (Н.В.Сусина) байқауға қатысқаны үшін ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Зеренді ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...