Четверг, 16 января, 2025
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді.

Департаменттің превенция басқармасы басшысының орынбасары Абай Жаналинов аудандар мен қалалар әкімдері аппараттарының басшыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамадағы соңғы новеллаларды туралы, оның ішінде цифрлық теңгенің көмегімен бюджет қаражатын игеру процестерінде ақшаны таңбалау және қадағалау тетігін енгізу туралы хабардар етті. Айта кетсек, облыстық Антикор «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында бюджет қаражатын игеру үдерістерінде «ақшаны бояу» тетігін енгізу мәселесін пысықтауда.

Сондай-ақ, қатысушыларға өңірдің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының бағыттары, «Бизнеске жол» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобалары туралы айтып берілді.

Бұдан басқа, спикер «ТБН-4» жобалық басқару шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізуді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова мен Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдері мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...