Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
25 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмола облысында «Тарих ізімен» көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында «Тарих ізімен» көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды

Ұлттық мәдениеттің негізі болып табылатын этнопедагогикалық білім беру мен ұлттық тәрбие берудің басты құралдарының бірі – ұлттық өнер екендігі белгілі. Ұлттық өнер – ата-бабаларымыздан келе жатқан, ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан өнер түрі.

2021 жылғы 18 наурызында Ақмола облысы білім басқармасының Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында «Тарих ізімен» облыстық көрме-байқауын өткізді.

Көрме-байқаудың мақсаты: жас ұрпақты сәндік-қолданбалы шығармашылыққа баулу арқылы қазақ халқының ұлттық қолөнер дәстүрлерін қайта жаңғырту және заман талабына сай түрлендіріп дамыту, жас ұрпақтың бойына жалпыұлттық және мәдени құндылықтарды терең сіңіру.

Байқауға облыстың 11 ауданы (Атбасар, Астрахан, Бурабай, Зеренді, Есіл, Жарқайың, Жақсы, Қорғалжын, Шортанды, Сандықтау, Целиноград) мен 1 қаласынан (Көкшетау) жалпы саны 57 жас өнерпаз қатысты. Қатысушылардың жұмыстары көрмеге қойылды, ал жұмыстарды қорғау ZOOM платформасы арқылы жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, «Құрақ көрпе: тоқыма бұйымдарды көркемдеп өңдеу» номинациясы бойынша 29 жұмыс, «Шебер қолдар»: ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу» номинациясы бойынша 23 жұмыс, «Ұсталы ел озар»: металлды көркемдеп өңдеу» номинациясы бойынша 5 жұмыс келіп түсті.

Байқау жұмыстарын келесі құрамдағы білікті қазылар алқасы бағалау өлшемдеріне сай бағалады:

Захай Бибігүл – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы.

Әміржанова Анар Орымбайқызы – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасының оқытушысы.

Бейсенбаева Гүлбану Асанқызы – Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің сызу және бейнелеу өнері мұғалімі.

«Мен бұл жұмысты 8 наурыз мерекесіне анама арнап жасайын деп ойлағанмын. Сосын осы сайысқа жібердім. Жұмыстың аты «Бәйшешек гүл». Бұл жұмысты жасауға 3-4күн кетті, бұл гүлді жасауға жұқа түрлі түсті металлдарды пайдаландым. Мен гүл жасауды бұрыннан да қолға алғанмын басқа да жасаған гүлдерім бар олар мектепте көрмеде тұр. Гүлді жасағанда жасанды гүлден үлгі алып қағазға түсіріп, жұқа металлға жабыстырып қиып, арнайы тап салғыштармен бедерлеп, қалыпқа келтіріп жасадым. Гүлдің күлшесі жұқа қаңылтырдан жасалса, сабағын сымнан жасаймын. Осылай гүлдерді өңдеп арнайы лактармен лактап дайын қыламын, жасаған кезде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаймын. Болашақта бұданда күрделі гүлдерді жасаймын» – дейді Абзалхан Худабай, Шортанды ауданындағы Новокубанка орта мектебінің 7-ші сынып оқушысы.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, олардың жетекшілері алғыс хатпен марапатталады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...