Ақмолалық каратэшілер республикалық турнирде жеңіске жетті. Жас ақмолалықтар төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.
Семей қаласында балалар мен қыздар және жасөспірімдер арасында киокушинкай-кан каратэден «Шығыс Кубогы»ашық республикалық турнирі өтті.
Ақмола облысының спортшылары алты медаль жеңіп алды. Чемпион атанғандар: Шәкей Аружан, Шәкей Даниял, Ерсайын Әбдірахманов және Болат Мөлдір. Молшылық Ерасыл «күміс», Сәрсенбек Айым қола медальға ие болды.