Пятница, 22 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауСу тасқынына қарсы күрес үшін Ақмола облысының Целиноград ауданына қосымша күш жіберілді

Су тасқынына қарсы күрес үшін Ақмола облысының Целиноград ауданына қосымша күш жіберілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Су тасқынына қарсы іс-шараларда жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету үшін аудандарға Төтенше жағдайлар департаментінің құралдары жіберіледі. Бүгін қызметкерлер Целиноград ауданына аттанды, жақында Атбасар ауданына шығу жоспарланған. Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Жергілікті билік көктемгі кезеңнен қауіпсіз өту үшін барлық шараларды қабылдап жатқанына қарамастан, кейбір елді мекендерде, әсіресе, елорда маңында су басу қаупі сақталуда.

«Бүгінде қалыптасқан бағандар тікелей Целиноград ауданында авариялық-құтқару шұғыл жұмыстарын жүргізу үшін жіберілді. Барлық күштер мен құралдар тобы 66 адам, 16 бірлік техника, 10 мотопомпаны құрайды», – деп атап өтті ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев.

Айта кету керек, су тасқыны жағдайы нашарлаған кезде құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауды жүзеге асырады. Ол үшін эвакуацияланушыларды қабылдайтын 222 негізгі пункт, 71 резервтік пункт, мал айдауға арналған 98 орын дайындалды. Сондай-ақ 2 733 адам, 1 292 бірлік техника, 59 жүзу құралдары, 248 мотопомпа даярланды. 353,5 тонна жанар-жағар май, 15 480 тонна инертті материалдар, 93 941 дана қаптар дайындалды.

Биылғы қыс Ақмола облысында, өңірде, әсіресе, елорда маңы аудан тұрғындары үшін, су тасқынының қаупіне әкелетін қардың толассыз мол түсуімен атап өтілді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...