Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
9.1 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетБіржан сал ауданында «Аққан жұлдыз құласа…» қойылымының тұсаукесері өтті

Біржан сал ауданында «Аққан жұлдыз құласа…» қойылымының тұсаукесері өтті

Қоюшы-режиссер ҚР мәдениет қайраткері Сабыралы Кемелбайтегі бастамасымен драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Жұмат Әлмашұлының адамзат баласының игілігі жолында жалғанның түрлі жұмбағын шешкен, ғылымның шырағын жаққан ұлы ойшылымыз Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған «Аққан жұлдыз құласа…» қойылым аудандық мәдениет үйінде сахналанды.

«Бұл туынды әлемге әйгілі ойшыл жайлы қойылым ауданымыздың тарихында  тұңғыш рет сахналанып отыр. Қойылымда ғұлама ғалымның Х-ғасыр сонындағы Бағдад пен Алеппо қалаларындағы өмірінің соңғы сәттерін өз көзімізбен көріп тамашаладық. Ғалам сырына ынтызарлықпен ден қойған тұрпатымен басталған премьера оқкөрерменді бірден ескі заман естеліктерімен баурап алды»,  – деді қойылым көрермендері.

Ұлы Аристотельден кейінгі ұстаз саналған ойшылдың тұтас ғұмыры театр тілінде сөйлеп қоя берді. Сондай-ақ мәдениет үйінің шығармашылық ұжымының актерлық шеберліктері кәсіби актерлардан кем емес екендігін ерекше атап өткен жөн. Аз уақыт ішінде үлкен жұмыс атқарылдығы көрініп тұр.

«Кез келген рөлді сахнада сомдау үлкен жауапкершілікті қажет ететіні сөзсіз. Шығарманың ұлылығы мен режиссердің шеберлігі үндесе келіп, санаға ой салар дүниені көрсете білді. Қандай да бір шығарманың бағын ашып, көрерменге ұғынықты жеткізу үшін режиссердің де еңбегі зор. Бұл ретте, әрине, режиссерлік қырынан танылған Сабыралы Кемелбайтегін ерекше атаған жөн. Оның осы тарихи драманы сахналау барысында өнерге деген шын жанашырлығын, біліктілігі арқасында әртістерді лайықты етіп таңдағанын байқауға болады»,  – деді Ақмола облыстық мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасының мамандары.

Спектакль басталмас бұрын бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесу болып өтті. Қойылым соңында сөз алған Ақмола облыстық мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы, ауданның құрметті азаматы Ермек Нұғыманов мәдениет үйінің шығармашылық ұжымын премьера мен құттықтап жылы лебіздерін білдіріп, әлі де қолдау көрсететінін жеткізді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...