Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau
21 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАқмолалық нұротандықтар есептік-сайлау науқанын бастап кетті

Ақмолалық нұротандықтар есептік-сайлау науқанын бастап кетті

Бүгін күллі республика көлемінде бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары өтуде. Жиналыс барысында 2019-2020 жылдарға арналған БПҰ төрағаларының есептері тыңдалып, бастауыш партия ұйымының төрағасы мен орынбасары, партияның аудандық және қалалық конференцияларына қатысу үшін делегаттар сайланып, Сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша Жол картасы талқылануда.

Ақмола облысында 37 мыңнан астам партия мүшесінің басын біріктірген 276 бастауыш партия ұйымы бар. 19-23 сәуір аралығында аталған барлық БПҰ-нда жиналыс өтпек.

Бүгін Целиноград аудандық партия филиалына қарасты «Родина»  бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Бұл ұйымда төрт партиялық топқа біріктірілген 133 партия мүшесі бар. Іс-шара барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, аралас форматта өтті. Оған 80-нен астам партия мүшелері қатысты.

Бастауыш партия ұйымы мемлекеттік органдармен, кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесіп ауылдық жерлерді дамытуға және оларды жаңғыртуға бағытталған партиялық жобаларды іске асыруды мақсатты түрде жалғастыруда.   – «Ауыл – Ел бесігі» партиялық жобасы елді мекендерді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Бүгінде Родина ауылының мектебінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мұғалімдер жұмыс істейді. Сондай-ақ, соңғы 2 жылда 15 жас маман ауылдық округке ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша  еңбек етуге келді. Сондай-ақ, «Родина» ЖШС агрофирмасы аудандағы барлық әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді шешуге, атап айтқанда сумен жабдықтау жүйесін, жылу желілерін күтіп ұстау, жолдарды тазарту немесе жөндеу, жарықтандыру, балаларды әкелу, мектепте ыстық тамақ ұйымдастыру, зейнеткерлерге, мүгедектерге көмек көрсету, спорттық және мәдени іс-шараларды өткізу, әлеуметтік объектілерді күтіп ұстау және материалдық жабдықтаумен көмектесуде. 2020 жылы Агрофирма аудан тұрғындарына емделуге, бала тууына, үйлену тойларына, жерлеу рәсімдеріне 6,5 млн.теңге көлемінде материалдық көмек көрсеткен. Садовое кентіндегі мәдениет үйінде өз қаражаты есебінен 6 910 500 теңге көлемінде шатыры күрделі жөндеуден өткізді. Сондай-ақ, ғимарат ішінде  3 455 000 теңге көлемінде жөндеу жұмыстарын жүргізілген. Сонымен қатар, ауыл ішінде көгалдандыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Бұл игілікті істер одан әрі жалғаса бермек.

Жиналыстың шешімімен бастауыш ұйымның жұмысы қанағаттанарлық деп танылды.

Жиналыс барысында Целиноград аудандық филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясына делегаттар сайланып, «Родина» БПҰ төрағасы болып,   ауылдық округ әкімі   Талғат Мұқышев және оның орынбасары ретінде Сергей Ибряев сайланды.

Партиядағы есептік -сайлау науқаны сайланбалы органдардың өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өтіп жатқандығын ескертіңізге саламыз.  Партиялық ұйымның есепті кезеңдегі жұмысы бағаланған соң, партия мүшелері БПҰ төрағаларын сайлап, немесе қайта сайлайды. Сондай ақ, саяси кеңестер мен бюроның құрамын жаңартады. Барлық ұйымдастырушылық процедуралар «партияны жаңғырту» жағдайында өтуде. Сайланбалы органдардың активіне негізінен халық арасында беделге ие жастар, әйелдер, белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар сайлануды.

19-23 сәуір аралығында облыс бойынша бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары, 26 – 28 сәуірде аумақтық филиалдардың есеп беру-сайлау конференциялары, ал сәуір айының соңында облыстық партияның ХХХІV конференциясы өтеді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...