ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Көкшетау — көк қарағай мекені» экологиялық акциясын жалғастырды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер Абылай хан даңғылы мен Төлеу Сүлейменов көшесінің қиылысында «Арқар» мүсіндік композициясының жанындағы шағын саябаққа 30 жас қарағай көшеттерін отырғызды.
Департамент басшысы Берген Беспалинов өз сөзінде ағаш отырғызу – бұл тек өз өлкесін көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу екенін атап өтті.
Айта кетсек, бұл акция екінші жыл жалғасуда. Оған қала тұрғындары, шағын және ірі кәсіпорындардың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатыса алады.
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі.