Ақмола облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, байқауға жалпы білім беретін мектептердің 20-дан астам оқушысы қатысты.
Байқау табиғи объектілерді, тарихи және мәдени мұраларды танымал етуге, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ықпал етеді.
Байқау жүлдегерлерін Ақмола облысының туризм индустриясы және демалыс қауымдастығының төрағасы Шынарбек Батырханов, Ақмола облысының ішкі туризм және кластерді дамыту бөлімінің төрайымы Әсел Иманжанова сияқты туризм саласындағы тәжірибелі мамандар анықтады.
Байқау 3 аталымы бойынша өтті.
«Киелі нысанға ең үздік туристік бағыт» номинациясында қатысушылар көрнекті орындар бар аңыздар мен дәстүрлер туралы, маршруттың егжей-тегжейлі сипаттамасын құрулары қажет болды.
«Үздік экскурсия» аталымы бойынша қатысушылар өз ауданына экскурсияның бейне – материалдарын ұсынды. Ал «Үздік спорттық маршрут» аталымы бойынша қатысушылар жаяу, тау, су сияқты спорттық туризм түрлеріне арналған туристік маршрутын ұсынды» — деп атап өтті облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының әдіскерлері.
Біріншілік қорытындысы бойынша нәтижелер келесідей бөлінді.
«Киелі нысанға ең үздік туристік бағыт» аталымы:
1 орын- Мищенко Светлана, Есіл ауданы;
2 орын- Жәнібек Жеңіс, Атбасар ауданы;
3 орын- Гладышко Таисия, Зеренді ауданы.
«Үздік экскурсия» аталымы:
1 орын- Мищенко Светлана, Есіл ауданы;
2 орын- Кенжебаев Еламан, Көкшетау қаласы;
3 орын- Селянина Валерия, Сандықтау ауданы.
«Үздік спорттық бағыт» аталымы:
1 орын- Биндевальд Даниэль, Есіл ауданы;
2 орын- Аманжолова Аделия, Зеренді ауданы;
3 орын- Щербатых Вадим, Бурабай ауданы.
Байқау жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.