Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамКөлік полицейлері сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы ескертілді ​

Көлік полицейлері сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы ескертілді ​

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің Көкшетау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің, сондай-ақ аудандық желілік бөлімшелердің басшылығымен және жеке құрамымен сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мәселелері онлайн режимінде қаралды.

Кездесу барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшылығы қатысушыларды қызметтік жалғандық фактілері бойынша Көкшетау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің полицейлеріне қатысты қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы негізінде енгізілген ұсыну туралы хабардар етті.

Алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұжымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдау кезінде формализмді жоюды, қызметкерлер арасында тиісті түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізуді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюды және полиция қызметкерлері жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуді ұсынды.

Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев кездесу қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманың негізгі өзгерістерін және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сыбайлас жемқорлыққа қарсы түзетулерді түсіндірді.

Мұрат Төлеубаев атап өткендей, полиция органдарының қызметкерлері, соның ішінде көліктегі полиция қызметкерлері де, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан басшылардың бағыныштылардың қызметіне бақылауды күшейту, сондай-ақ барлық қызметкерлердің парасаттылық және сатылмаушылық қағидаттарын сақтауын қамтамасыз ету қажет.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...