Сәрсенбі, Мамыр 1, 2024
9.2 C
Kokshetau
1 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғам«Nur Otan»: Өңір қарқынды дамуда

«Nur Otan»: Өңір қарқынды дамуда

Көкшетауда «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының ХХХІV есептік-сайлау конференциясы болып өтті. Онда 2019-20 жылдар аралығындағы жұмыс қорытындыланып, облыстық филиалдың Саяси кеңесі сайланды. Сондай ақ, алдағы кезеңнің жұмыс жоспары  пысықталды.

Партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылға дейінгі  атқарған жұмысы туралы баяндама жасаған облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаев Ақмола облысы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасын іске асыруға байланысты алдағы кезеңдегі партия қызметінің басым мәселелеріне тоқталды.

 

Сондай-ақ, аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша шолу жасап, ауылшаруашылығы, өнеркәсіптік өндіріс, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру мәселелерін атап өтті.

2020 жылы коронавирустық індеттің белең алуына қарамастан, облыс барлық көрсеткіштерді ойдағыдайорындады. Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Ақмола өңірі республика көлемінде үшінші орында.

«Праймериз, сайлау алдындағы және іс жүзінде сайлау науқаны кезеңі бүкіл аймақтық партия ұйымы үшін жауапты болды. Біз партияның басшылығы мен Мемлекет басшысының алдымызға қойған тапсырмасын орындадық: барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының 30% -дан астамы 29 жасқа дейінгі әйелдер мен жастар; 20% – 35 жасқа дейінгі жастар. Орташа жас – 43 жасты құрап отыр», – деді Ермек Маржықпаев.

Конференция барысында қоғамдық қабылдау бөлмелерінің ерекше маңыздылығын атап өткен өңір басшысы есепті кезеңде өңірлік қоғамдық қабылдауларға 22 мыңнан астам өтініш түскенін, олардың 62% оң шешімін тапқанын баса айтты. Бұл қазіргі кездегі елдегі ең жақсы көрсеткіштердің бірі деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, «BIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында партия халықтың аса мұқтаж 7 тобына 50 мың теңге көлемінде көмек көрсетті. Облысымыздың 25 мың мұқтаж азаматына 1 миллиард 281 миллионнан астам теңге бір реттік көмек ретіндежеке есеп шотына аударылды.

Осы кезеңде «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері шағын және орта бизнес өкілдерінің, барлық деңгейдегі депутаттардың қолдауымен және партияның аумақтық филиалдарының ұйымдастыруымен 16 173 азық-түлік себеттерін үйді-үйге таратып, қиын жағдайда қалған отбасыларға жеткізді. Өз сөзін қорытындылай келе, аймақ басшысы бүгінде бастауыш партия ұйымдарының, партияның аумақтық филиалдарының жұмысындағы басты басымдық – бұл партияның сайлауалды бағдарламаларын іске асыру, әр ауданның, қаланың, облыстың жол карталарының орындалуын бақылаужәне барлық өтініштер мен бұйрықтардың мінсіз орындалуын қамтамасыз ету екендігін тағы бір еске салды.

Жалпы, сайлауалды бағдарламаның Жол картасында алдағы бес жыл ішінде 100-ден астам іс-шара жүзеге асырылып, 31 индикатор іске асырылуы керек, бұл 1,3 трлн көлемінде қаржыландыруды қажет етеді деп өңір басшысы сөзін қорытындылады.

Конференция барысында  сөз алған партия белсенділері, БПҰ төрағалары, депутаттар мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары облыстық филиалдың Саяси кеңесінің жұмысын оң бағалап, партия жұмысының түрлі  аспектілеріне тоқталды.            Конференцияға жиналған делегаттар партияның Ақмола облыстық филиалының бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы туралы есебі тыңдалып, қабылданды.

Жиын соңында бірқатар нұротандықтар облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Ермек Маржықпаевтың алғыс хатымен марапатталды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....