Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында полицейлер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуге шақырылды

Ақмола облысында полицейлер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуге шақырылды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшылығының және аумақтық Полиция департаменті жеке құрамының қатысуымен құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын қарау бойынша онлайн-кездесу өткізілді.

Бейнеконференцбайланыс барысында қатысушыларға полиция органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабының негізінде енгізілген ақпарат жеткізілді.

Осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшылардың бағынышты қызметкерлердің қызметіне тиісті бақылауды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргіп, олардың нәтижелерін жария талқылауға шығаруды, қызметке кандидаттарды сапалы іріктеуді, сондай-ақ жеке құрамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және полиция органдарының қызметін реттейтін өзге де НҚА-ны мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз етуді ұсынды.

Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы Мұрат Төлеубаев кездесуге қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы соңғы заңнамалық өзгерістер туралы хабардар ете отырып, ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.

Спикер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды мүдделерін қорғау мемлекетке құқық қорғау қызметін атқаратын әрбір адамның тікелей борышы болып табылатынын атап өтті.

Сондықтан парасаттылық, сатылмаушылық сияқты қасиеттер және моральдық қағидаттар полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде ажырамас бөлігі болуы керек.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...