Сенбі, Мамыр 4, 2024
6.6 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмолалық үздік педагог 800 мың теңгенің сыйақысына ие болды

Ақмолалық үздік педагог 800 мың теңгенің сыйақысына ие болды

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерге сыйақы беру мақсатында Ақмола облысының бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» сырттай байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Шығармашылық сайысқа бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының 21 педагогы қатысты.

Байқауға қатысу үшін педагогтер келесі конкурстық материалдарды ұсынды: «Менің жүрегімдегі мектеп» бейнеролик, бейнесабақ, эссе, портфолио.

Байқау қорытындысы бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» атағы және 875 100 теңге ақшалай сыйақы Жақсы ауылындағы №1 жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ләззат Қасқаеваға берілді.

«Мұндай байқауға алғаш рет қатысып отырмын. Алдымен аудандық деңгейде гран-при жеңіп алдым. Менің жұмыстарым облысқа жіберілді. Әрине, жеңіс Мен үшін тосын сый болды! Өйткені, мен аудандық мектепті таныстырдым және байқауға облыстың барлық мектептері, соның ішінде қалалық мектептер қатысатынын түсіндім. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!» – деп бөлісті жеңімпаз.

Жақсы ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектепте Ләззат Қасқаева 2002 жылдан бері 19 жылдай еңбек етіп келеді. Дәл сол кезде ол жұбайымен бірге Солтүстік өңірге Алматыдан көшіп келген. Қазір мектепте ол қазақ тілінен сабақ беріп қана қоймай, тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші болып жұмыс істейді.

Сонымен бірге, байқауда 20 қатысушы Ақмола облысы білім басқармасы басшысының грамоталарымен марапатталды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...