Жол картасындағы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты партияның сайлауалды бағдарламасынадағы бизнесті қолдауға нақты шаралар қарастырылған. Соның бірі өңірлік өнімнің 29,8 % — 36 % өсуі индикатордың орындалуына депутаттық фракция мүшесі ретінде мен жауаптымын.
Бұл көрсеткіштерге қол жеткізу үшін біздің партиямыз 21 нақты қадамдарды белгілеп, оның барлығын Жол картада бекіткен.
2020 жылдың қорытындысы бойынша облысымызда бұл көрсеткіш 26,2% (2021 ж. 27,5 %)құрайды. Айтылған межеге қолымыз жету үшін ең бастысы шағын және орта бизнес есебін ұлғайтуымыз қажет. Қазіргі таңда мемлекеттің қолдауымен ШОБ кемінде 5,7% өсіп, өнідіріс көлемі 929 млрд. теңгені құрап отыр. Тек қана «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы былтыр ШОБ – ке 2,7 млрд. теңге жұмсалған болатын. Оның 1,7 млрд. субсидия ретінде, 636 млн. инфрақұрылымды тегін тарту, 79 млн. гранттық қаржыландыру және т.б. Биыл тіптен бұл сомма 1,5 есеге ұлғайып 4,3 млрд. тенгеге дейін жетті.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлікті дамыту — нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Еліміздің экономикасының ең маңызды бөлігі -шағын және орта кәсіпкерлік болып табылады. Әрине облысымыздың экономикасын шаруашылықтың әртүрлі формаларын дамыту қажет, бірақ ең маңызды бөлігі шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан артық көңіл бөлген дұрыс.
Шағын және орта кәсіпкерлердің өсімі үш аумақта байқалып отыр бұл Целиноград, Аршалы және Көкшетау. Оған қоса «Бизнестің Жол картасы – 2025» бойынша ең көп қабылданған жобалар тағы да үсте айтылған қайта Целиноград, Көкшетау және Бурабай аудандарында.
2021 жылға Ақмола облысы несие бойынша пайыздық мөлшерлеме бойынша 2 904,4млн. Тенге бөлінді, қаңтар-сәуір айлар аралығында 279 жаңа жобалар бойынша 2 864,12 млн. тенге субсидияланды. 1 254,42 млн. тенге төленді.
Әр жыл сайын қайтарымсыз гранттарға «Бизнес жол картасы 2025» бойынша кем дегенде 15 жоба жасалу керек, 2021 жылға 139 млн теңге игерілу уақыты қазан айы.
Қарапайым заттар экономикасы несилендіру бойынша 242 жоба бекітіліп 38,1 млрд. тенге қаржыландырылған, соның ішінде биыл 47 жоба соммасы 9,2 млрд. тенге.
Ақмола облысы бойынша шағын және орта бизнесінің үлесі өсуде, мемлекеттік бағдарламалар тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде, яғни «Жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Еңбек» бағдарламалары.
Дегенменде кейбір аудандарымызда бизнестің жол картасына жобалар ілікпей отыр, менің ойымша жобалар жоқ емес – бар, бірақ белгілі бір себептермен өтпей қалған. Жобалары жоқ немесе жобалары өтпей қалғандарын анықтап, мән жағдайды біліп, қолдау көрсетіп бірінші кезекте бағдарламаға енгізу және кәсіпкерлерді мемлекеттік бағдарламаларды оңтайлы қолдануға түсіндіру ( семинар ) жұмыстарын барынша көп жүргізу қажет.
Өкінішке орай жұмыс істеп тұрған, жұмыспен қамтылған адам саны шағын және орта бизнестегі былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6 % төмендеген.
Қазіргі таңдағы біздің мақсат – еліміздегі белсенді шағын және орта бизнесті сақтап, одан әрі қарқынды дамыту. Егер қадам қадаммен, бірлесіп шешетін болсақ, біздің Сайлауалды бағдарламамыздың индикаторларын ерте – ақ орындаймыз.
Әділ Жұмабаев, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты.