Жәбірленушінің айтуынша, 9 маусымда белгісіз біреу дүкеннен ақша ұрлаған. Шығын сомасы 750 000 теңгені құрады.
Оқиға болған жерді тексеру кезінде жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктінің үй-жайға пластикалық терезені қысу арқылы кіргенін анықтады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Көкшетау қ.ПБ криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады, ол қылмыс жасалғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласына жасырынған, 1986 жылы туған облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.