Понедельник, 25 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіСау болғың келсе, бол: бұл ең дұрыс жол!

Сау болғың келсе, бол: бұл ең дұрыс жол!

Сондай-ақ, оқыңыз...

Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай «Сау болғың келсе, бол: бұл ең дұрыс жол!» облыстық компьютерлік графика және анимация ғаламтор-байқауы өткізілді.

2021 жылдың 25 маусымында Ақмола облысының білім басқармасы мен Ақмола облысы Полиция Департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы біріге отыра «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының» базасында Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай «Сау болғың келсе, бол: бұл ең дұрыс жол!» атты облыстық компьютерлік графика және анимация ғаламтор-байқауының қорытындысын шығарды.

Байқаудың мақсаты: оқушылардың шығармашылық әлеуетін анықтау және дамыту, ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін практикалық түрде белсенді қолдануға шақыру, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.

Ғаламтор-байқауына облыстың 6 ауданы мен Көкшетау қаласынан 13 жұмыс келіп түсті. Оның 11-і – графика, 2-уі – анимация.

Байқау жұмыстарын білікті қазылар алқасы бағалады: Курсанова Разия Талғатқызы – Ақмола облысы Полиция Департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры;
Кожабаева Лайла Жакаевна Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі, Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі, Мәдениет үздігі;
Қыдырмина Әсемгүл Темиртасқызы – Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжінің оқытушысы, ядролық физика магистрі.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі ретпен үлестірілді:
1 орын – Сырбу Виталий (Аршалы ауданы, Балалар мен жастар шығармашылық орталығы);
2 орын – Мутафиди Виктория – (Есіл ауданы, Свободное а. ОМ);
3 орын – Амангельді Мансур (Жақсы ауданы, Оқушылар үйі).

Сондай-ақ, қазылар алқасының шешімімен шығармашылық белсенділік танытып, ерекше идеясымен көзге түскен 3 қатысушы грамоталармен марапатталады.

Олар:
«Жарқын болашақ» номинациясында:
Алимбетова Аяулым (Көкшетау қаласы, Bolashaq saraiy); «Үздік идея авторы» номинациясында: Абильхамитов Ерасыл (Қорғалжын ауданы, Балалар шығармашылық орталығы); Молдахмет Мирас (Көкшетау қаласы, Bolashaq saraiy).

Жүлделі орын иегерлері дипломдармен, белсенді қатысқан оқушылар грамоталармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталады, байқау қатысушыларына сертификаттар беріледі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...