Ағымдағы жылдың 13 тамызында Ерейментау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қару-2021» жедел алдын алу іс-шарасы аясында рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде тіркелмеген 4 қару тәркіленді.
Аудан ауылдарының бірінің 33 жастағы тұрғыны өз үйінде тіркелмеген екі ұңғылды 16 калибрлі ИЖ-58 атыс қаруын, тегіс ұңғылды БМ-16 маркалы атыс қаруын сақтаған, сонымен қатар, құқық бұзушыдан 137 патрон тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, атыс қаруын қолдану қылмыстарының алдын алу және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 9-13 тамыз аралығында өңір аумағында облыстық «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Тұрғылықты жері бойынша жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері тіркелген азаматтық атыс қаруының 3370 иесін, 139 заңды нысанды, шаруа қожалықтарын және шалғайдағы жайылым учаскелерін тексеруді жүзеге асырды. Тексеру барысында қаруды сақтау, тіркеу және қайта тіркеу ережелерін бұзғаны үшін 102 қару иесі жауапкершілікке тартылды, қарудың иелері бұрын жоғалтқан тіркелген 3 бірлігі табылды.
Сондай-ақ қаруды сақтау мен пайдаланудың белгіленген ережелерін бұзғаны үшін полицейлер 32 атыс қаруын, 1 ойық, 23 тегіс ұңғылды және 8 бірлік газды қаруды, ойық ұңғылы қаруға 137 патронды, тегіс ұңғылы қаруға 80 патронды тәркіледі.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударылды.