Ағымдағы жылдың 19 тамызында Ақмола облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы ТЖД орынбасары Манарбек Шапағатовпен
«2021 жылғы егін жинау науқанына дайындық және оны өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды қамтамасыз ету туралы» тақырыбында брифинг өткізілді, – деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Егін жинау – қазіргі уақытта ауылшаруашылық жұмыстарының маңызды кезеңдерінің бірі. Әрбір адам егінді уақтылы жинап қана қоймай, оны сақтау маңызды екенін түсінеді. Егін жинау науқаны кезінде төтенше жағдайларды болдырмау үшін ТЖД қызметкерлері астық жинау техникасына, жинау және сақтау орындарына мониторинг жүргізеді.
Алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы және ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің осы құралдарды пайдалана білуі тексеріледі. Егін жинауға тартылған қызметкерлермен өртке қарсы нұсқаулықтар жүргізіледі.
Брифинг барысында облыс аумағында 274 ауыл шаруашылығы нысаны орналасқаны белгілі болды.
«Айта кету керек, фермерлік және шаруа қожалықтарының жанар-жағармай материалдарын үнемдеу мақсатында ірі жем-шөпті тасымалдау бір автотракторлық техниканың техникалық мүмкіндіктерінен (екі және одан да көп тіркемелі құрылғылар) асатын жүкті тасымалдағанда жүзеге асырылатын жағдайлар жиі кездеседі, бұл тарту жүктемесіне және пайдаланылған газ шығатын құбырлардан ұшқындардың ұшуына әкеп соқтырады», – деп атап өтті Манарбек Шапағатов.
Дәнді дақылдарды жинау және азық дайындау кезеңінде тыйым салынады:
— тракторлардың, өздігінен жүретін шассилер мен автомобильдердің капоттарсыз немесе капоттары ашық жұмыс істеуі; — қозғалтқыштардың радиаторларындағы шаңды жағу үшін дәнекерлеу шамдарын қолдану; — дала жағдайында түнгі уақытта автокөліктерге жанармай құю.
Егін жинау басталғанға дейін жинау агрегаттары мен автомобильдер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жарақтандырылуы, жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы және қоректендірудің, оталдыру мен майлаудың реттелген жүйелері болуы тиіс.
25 га аумақта соқамен жырту кезінде өрт шыққан жағдайда алдын алу үшін жақын маңда трактор дайын болуы қажет.
Ескесалакетсек, барлық талаптарды сақтау – бұл егінді өрттен сақтаудың кепілі. Шынында да, әр астықта – адамдардың үлкен еңбегі бар, сондықтан жиналған дақылдардың аяусыз отқа түскеннен гөрі, сарайлар мен қоймаларға түсуі өте маңызды!