Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және Конституция күні қарсаңында Көкшетауда «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар» атты дөңгелек үстел өтті.
Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, шараға қоғам қайраткерлері, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-қоғамдастық, депутаттық корпус өкілдері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушылары мен жеңімпаздары, оқу орындарының оқытушылары қатысты. Онда өңірдің дамуы контексіндегі егемендіктің 30 жылдық кезеңіндегі республиканың жетістіктерін, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттілігінің тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы елдің даму стратегиясы мәселелері талқылады. Жиында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова аталған іс-шараны өткізудің өзектілігі мен маңыздылығына тоқталды.
«Бүгінде бүкіл әлем еліміздің 30 жылдағы жетістіктеріне таңдана қарайды. Барлығымызды жаңа қоғам, мемлекет және экономика құруға деген ортақ ұмтылыс біріктіреді. Біз Елбасы мен Президенттің ел мен өңірді дамыту жөніндегі саясатын табысты жүзеге асырып, азаматтарымыздың әл – ауқатының жоғары деңгейіне қол жеткізуге ұмтыламыз», – деп атап өтті Айна Мысырәлімова.
Дөңгелек үстел аясында азаматтық қоғамды, жоғары білім беру жүйесін, ғылым саласын, өнеркәсіпті дамыту, Тәуелсіздік жылдары жастар саясатын іске асыру мәселелері туралы журналист, жазушы-драматург Жабал Ерғалиев, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаев, Облыстың Азаматтық альянсының төрағасы Ирина Терентьева, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облыстық филиалының директоры, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Белла Газдиева, «Көкшетау минералды сулары» АҚ директоры Станислав Максимец, облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәнсия Есекеева сөз сөйледі.
«Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ғылым мен білімді басымдықпен дамыту қажеттігін бірінші кезекке қойды. Елдің егемендігі кезеңінде бұл салада айтарлықтай өзгерістер болды, экономикалық, қоғамдық жаңартудың барлық қажеттіліктеріне жауап беретін және білім беру жүйесіне қойылатын халықаралық талаптарды ескеретін құжаттар қабылданды», – деді Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаев.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында облыста 7000-нан астам түрлі іс-шаралар жүзеге асырылды. 20-ға жуық инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени нысандар пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 60 индустриялық және әлеуметтік нысандарды ашу жоспарланған.