Пятница, 18 октября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысы аумағында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өтеді

Ақмола облысы аумағында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өтеді

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қыркүйектің 10-15 күндері аралығында облыс аумағында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өткізіледі. Акцияның мақсаты — браконьерлік, заңсыз балық аулау, заңсыз ағаш кесу, жер қойнауын заңсыз пайдалану және табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың басқа да фактілерін анықтау.

Жыл басынан бері облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасының 700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде 400-ден астамы-заңсыз аң аулағаны үшін, 200-ден астамы-балық аулау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ жасыл желектерді күтіп ұстау ережелерін бұзғаны үшін.

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері бекітілген аңшылық алқаптарда аң аулауға болатындығын еске салады. Аңшының өзімен бірге тиісті жылға мемлекеттік баж төленгенін растайтын куәлігі, аң аулауға рұқсаты, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы және аңшылық атыс қаруын алып жүру құқығына рұқсаты болуы тиіс.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 54 мемлекеттік қызметші әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

Бүгінгі таңда әлеуметтік қолдау шараларын көрсету аудандық және ауылдық жерлерге жас мамандарды тартудың тиімді құралы болып қала береді. Ауылдық жерге жұмыс істеуге және тұруға...

Әлеуметтік қолдау шаралары – жас мамандарды ынталандыру құралдарының бірі ретінде

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56 бабының 12 тармағында  басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының...

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...

Мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындылары қаралды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырды. Жүргізілген...

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру - бұл мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамытудың шешуші процесі. Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер...