Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Өскемен қаласында шосседегі велоспорттан «Абай жолы» көпкүндік жарысында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.
Жарыста ақмолалық спортшы, жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі Григорий Штейн 3 орыннан көрінді.
Спортшының жеке жаттықтырушысы Валерий Карагаевтың айтуынша, спортшылар әр кезең үшін марапатталды, Григорий I кезеңде 2 орын, ал IV кезеңде үшінші орын алды.