Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБақытты отбасы болудың құпиясы. Рысбаевтар тату жанұяның сырымен бөлісті

Бақытты отбасы болудың құпиясы. Рысбаевтар тату жанұяның сырымен бөлісті

Бақытты отбасының ерекше «рецепті» жоқ. Әр отбасының өзіндік ерекшеліктері бар. Отбасы әрқайсымыздың өмірімізде ерекше орын алады. Алдымен бұл туылған отбасы, содан кейін сіз өзіңіз құратын отбасы.

Жарқын мереке қарсаңында Рысбаевтар отбасы туралы айтқымыз келеді. Полиция полковнигі Қанат Таңатұлы және полиция подполковнигі Анар Рамазанқызы некеде 18 жыл, ұл мен қыз тәрбиелеп отыр. 1999 жылы Анар Омбы қаласынан Сібір заң университетін бітіріп, Щучье аудандық ішкі істер бөліміне қызметке орналасты. Онда болашақ ерлі-зайыптылар тергеуші болып жұмыс істеген кезде кездесті.

Анар Рамазанқызы: «Бұл қиын кезең еді. Жарықты жиі сөндіретін, жалақыға қатысты кідірістер болатын, қазіргідей жұмыс істеу үшін жағдайлар болмайтын.

Дегенмен, біз бір-бірімізді қолдадық, көмектестік». 2003 жылы Қанат пен Анар үйленді. Рысбаевтар жұбы жауапты қызметтің барлық ауыртпалықтарын, өмірлік белестерін бірге еңсере білді.

2003 жылы отбасында үлкен ұлы Мирас дүниеге келді, қазіргі Санкт-Петербург университетінің студенті, 2010 жылы Самира есімді қызы дүниеге келді. Қазір ол Назарбаев зияткерлік мектебінің 5 сынып оқушысы.

2003 жылы Қанат Таңатұлы Щучье АІІБ тергеу бөлімшесін басқарды, кейіннен бастықтың орынбасары болды, қазіргі уақытта Ақмола облысы ПД Анықтау басқармасын басқарады. Анар Рамазанқызы Бурабай ауданының полиция бөлімінде учаскелік инспектор болып жұмыс істейді.

Ерлі-зайыпты Рысбаевтар үлгілі отбасының үлгісі. Өзара түсіністік, бір – біріне құрметпен және сеніммен қарау, әдептілік, адалдық, достық, жауапкершілік-осының бәрін полиция Рысбаевтар отбасынан білуге болады.
Полиция подполковнигі Анар Рамазанқызы: «бақытты отбасының бірегей рецепті жоқ» дейді.

Отбасымызда ең алдымен бір-бірімізге сенім артамыз. Екі адам-бұл жай ғана одақ емес, бұл екі үлкен әлем, олардың әрқайсысы ерекше. Ал жаңадан бастаған жас отбасыларға өздерінің бірлескен жолдарында адал махаббат, бір-бірін бағалай білуді тілеймін.

Өз кезегінде біз Рысбаевтар отбасына бейбітшілік пен жақсылық, бақыт пен амандық, барлық бастамаларына табыс тілейміз.

Ақмола облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне. 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...