Пятница, 18 октября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегі«Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауының жүлдегерлері анықталды

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауының жүлдегерлері анықталды

Ақмола облыстық білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Тілдер күнінің аясында ұлты қазақ емес 14 жастағы оқушылар арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық онлайн байқауын өткізді.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, байқау мемлекеттік тілдің мәретебесін көтеру, талантты жастарды анықтау және өз елін, Отанын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған.  Оған Ақмола облысының 11 ауданы және Көкшетау, Степногорск қалаларынан 14 оқушы қатысты.

Байқау төрт кезеңнен тұрды. «Кел, танысайық» деп аталатын бірінші кезеңде әр қатысушы өзін-өзі таныстырып кетті. «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі — сөз» деп аталатын екінші кезенде қатысушылар мәтінді мазмұндап, сөйлеу мәнері мен ойды ұшқыр жеткізу қабілеттерін көрсетті. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін…» атты үшінші кезеңде қатысушылар М.Мақатаевтың 90-жылдығына орай ақынның лирикалық өлеңдерін, дастандарынан үзінділер жатқа оқып берді. «Сауатты болайық!» атты төртінші кезеңде қатысушылар көше жарнамаларындағы қате жазылған сөздерді талдады.

Оқушылардың тілді меңгеру деңгейлерін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен Ж.Мусин атындағы қазақ жоғары педагогикалық колледждерінің мамандары бағалады.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен, ал жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталады.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік қолдау шаралары – жас мамандарды ынталандыру құралдарының бірі ретінде

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56 бабының 12 тармағында  басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының...

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...

Мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындылары қаралды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырды. Жүргізілген...

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру - бұл мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамытудың шешуші процесі. Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер...

Ақмола облысында автожол салу кезінде бұзушылықтар анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде жол құрылысы сапасына ашық бақылауды...