Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмола колониясындағы сотталған кәсіби колледж түлектеріне қызыл дипломдар табысталды

Ақмола колониясындағы сотталған кәсіби колледж түлектеріне қызыл дипломдар табысталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Кәсіптік оқыту — жеке тұлғаларды қайта әлеуметтендірудің, оларды бостандықтағы өмірге дайындаудың маңызды сәттерінің бірі. Жыл сайын екі жүзден астам адам Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мекемелерінде кәсіби колледждерге оқуға қабылданады, ал облыста ондай колледждер саны үшеу.

ЕЦ-166/4 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде жыл сайын 90-ға жуық сотталған оқиды. Жұмысшы мамандықтарын сотталған студенттер 6 мамандық бойынша алады, олар — «Тігінші – әмбебап», «Токарь-әмбебап», «Газэлектрдәнекерлеуші», «Автожөндеуші», «Электрик-жөндеуші», «Аспазшы».

25 маусым дәстүрлі түрде мемлекеттік емтихандарды тапсырғаннан кейін колонияның плацында білім туралы дипломдарды тапсыруға арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

«Біздің студенттер мемлекеттік емтихандарды сәтті тапсырды. Биыл студенттер Игорь Дубровский мен Мұрат Макентаев «Дәнекерлеуші» және «Токарь» біліктілігімен қызыл дипломдар алды. Бұл адамдар карантиндік шектеулерге қарамастан жыл бойы аянбай еңбек етіп, емтихандарды өте жақсы тапсырды», — деді «Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжі» бөлімінің меңгерушісі Сергей Баций.

Колония басшысының орынбасары Жеңіс Ибраев педагогтар мен түлектерге құттықтау сөз сөйледі: «Әкімшілік атынан және жеке өз атымнан мұғалімдердің еңбегі мен көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтқым келеді, Сіздер өз оқушыларыңызға тек білім беріп қана қоймай, өмірлік тәжірбиелеріңізбен бөлісіп, негізгі өмірлік принциптер мен ережелерді үйретесіздер».

«Аграрлық — индустриялық колледж» директоры Владимир Лукин 2020-2021 оқу жылының қорытындысын шығарып, облыстық ҚАЖД ведомствосының басшысына алғыс білдірді.

Оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықты оқығаннан кейін кәсіптік колледж бөлімінің меңгерушісі дипломдардың тапсырылатыны туралы хабарлады. Барлығы 82 сотталған оқуды аяқтап, диплом алды, олардың ішінде екеуі үздік диплом алды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...