Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қабырғасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшылығының қатысуымен «Адалдық сағаты» өтті.
Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және оларға адамгершілік құндылықтарды сіңіру.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин жастарға елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың маңызды бағыттарын, атап айтқанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы барлық заңнамалық новеллаларды түсіндірді.
Сондай-ақ студенттерге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтылды.
Спикер атап өткендей, өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы қызметінің негізгі бағдары Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы болып табылады. Картаға ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, экология, жолдар мен инфрақұрылым, бизнес мәселелері енгізілген.
Дәріс барысында тұрғындарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне кеңінен тартуға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына ерекше назар аударылды. Бүгін 70-тен астам азамат облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарына қосылды. Белсенділер арасында студенттер де, заңгерлер де, қоғам белсенділері де, жеке ұйымдар да бар. Жобаның бағыттарының бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер мен білім беру, онда оқу орындарының әлеуетін пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлық проблемаларын зерделеу көзделеді. Осы тұрғыда лектор жастарды ел дамуының басты драйвері ретінде бұл мәселелерге белсенді қатысуға және қоғамдағы кез келген құқық бұзушылықтардың жолын кесуге шақырды.
«Адалдық сағаты» аясында Экономикалық тергеу департаментінің өкілі де дәріс оқыды.
Кездесу «еркін микрофон» форматындағы талқылаумен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтерді көрсетумен аяқталды.