ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, “Сәлем, Елорда!” ІІ республикалық өнер шеруі аясында Ақмола облысы көркемөнерпаз би ұжымдарының концерттік бағдарламасы өтті.
Аталмыш іс-шараға «Көкшетау» Мәдениет сарайының «16 қыз», «Көкшетау» халықтық би ансамбльдері, «Полянка» үлгілі би ансамблі, Степногорск қаласының халықтық Балет студиясы, Атбасар ауданының «Молодость» халықтық би ансамблі және Қорғалжын ауданының «Қазына» би ансамблі қатысты.